Әлем эволюциясы сабақ жоспары

Раздел Астрономия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Физика (астрономия)

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің құрылысы мен эволюциясы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту,әр түрлі ақпараттар ағынымен жұмыс істеуге дағдыландыру;
2. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал жасау;іскерлік қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:Техникалық құрал-жабдықтармен жіті, сауатты, ұқыпты жұмыс істей білуге,адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты өту әдісі: ойын-оқыту, сұрақ-жауап әдістері,ЖИГСО

Пәнаралық байланыс: халықтық педагогика, физика.

Сабақта қолданылатын тезнология: ойын технологиясы, ұжымдық,топтық оқыту технологиясы элементтері

Сабақтағы жұмыс түрі: топтық,жеке жұмыс

Көрнекілік: интерактивті тақтада слайд үлгілерімен

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (Кезекші рапорт береді, жоқ оқушыларды белгілеу,топқа бөлу)
Тренинг (бір-біріне жақсы сөздер айтып, күнінің жақсы өтуіне тілек білдіру)

2. Үй тапсырмасын тексеру.

В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын - дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. «Ойын» дегеніміз ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деген.

Блиц- турнир

1 топқа сұрақ:

  1. Күн жүйесіндегі планеталар саны (8)

  2. Космогония дегеніміз не? (аспан денелерінің және олардың жүйелерінің пайда болуын зерттейтін астрофизиканың бөлігі)

  3. Грек сөзінен шыққан «жұлдыз тәрізді» деген мағынаны білдіретін кіші планеталар (астероидтар)

  4. Айнымалы жұлдыздар дегеніміз не? (жалтырауы периодты түрде өзгеретін жұлдыздар)

  5. Жұлдыздардың түсі неге тәуелді? (температурасына)

2 топқа сұрақ

  1. Барлық шоқжұлдыздар саны (88)

  2. Космонавтика дегеніміз не? (әлем кеңістігігндегі ғарыш аппараттарынынң қозғалысысын талдап зерттейді)

  3. Грек сөзінен шыққан «құйрықты жұлдыз» деген мағынаны білдіретін аспан денесі? (комета)

  4. Цефеидтер дегеніміз не? (пульсацияланатын жарықтығы жоғары жұлдыздар)

  5. Қара құрдым дегеніміз не? (гравитациялық өрісі өте күшті болғандықтанодан ешқандай обьект шығып кете алмайтын кеңістік)


3 топқа сұрақ

  1. Зодиак жұлдыздарының саны? (12)

  2. Астрофизика дегеніміз не? (астрономия нысандарын физикалық әдістермен зерттейтін физиканың саласы)

  3. Өте жарық метеорлар (болидтер)

  4. Асқын жұлдыздар дегеніміз не? (жалтырауы ондаған жұлдыздық шамаға өзгеріп отыратын жұлдыздар

  5. Телескоп деген не? (аспан денелерін бақылауға арналған астрономиялық құрал)

3.Жаңа сабақ

ЖИГСО (әр топқа жаңа сабақ мәтіні беріледі,оқушылар бірін-бірі оқытады)

Галактика, Біздің галактика

Галактика - жұлдыздар мен жұлдыздардың шоғырлануы, жұлдызаралық газдар мен тозаңнан және түнек материясынан құралған алып, гравитациялық-байланысқан жүйе.

Галактика түрлері. Өткен ғасырдың 20-жылдары Э.Хаббл галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген.

Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар;

Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар;

Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.

Біздің галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады. Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Қазіргі ғаламат Әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ға на.Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға жатады деп саналады. Бұл оларға дейінгі қашықтықтарды анықтаудың қиындықтарына байланысты болды. Қазір ғарыштағы 20 галактиканың жергілікті шоғырын және басқа 10 млрд-қа жуық галактиканы білеміз. Олар топтасып орналасқан және ең сезімтал құралдардың көмегімен анықтайтын қашыктықта жан-жаққа таралып, бір-бірінен алшақтап барады.

Оңтүстік жарты шардың түнгі аспанынан бізге ең жақын "Магеллан бұлттарын" бақылай аламыз. Зер салып қарағанда бұлт "толқып" тұрған тәрізді. Астрономдар оның толкуын біздің галактикаға жакын орналасуымен түсіндіреді. Бір кездері "Магеллан бұлттары" біздің галактикамен соқтығысқан секілді. "Магеллан бұлттары" Құс жолынан көп кіші. Олар біздің Галактиканың серігі. Миллиардтаған жылдардан кейін олардың тағы да бір-біріне жақындауы мүмкін.

"Магеллан бұлтынан" сәл әріректе "Андромеда" галактикасы бар. XX ғасырдың басында оған дейінгі қашықтық анықталып, ол 2 млн жарық жылына тең болды. Біздің Галактика, "Магеллан бұлттары", "Андромеда" жәнө "Үшбұрыш" галактикалары мен бірнеше ергежейлі эллипстік галактикалар Жергілікті галактикалар тобын құрайды.

Біздің галактика тәрізді миллиондаған галактикалар бар.

Мұндай галактикалардың тармақтарында жаңа жұлдыздардың пайда болуына негіз болатын газдар мен тозаңдар бар. Бірақ спиральдар барлық уақытта да центрге өте жақын келмейді. Кейде спираль центрден қашық жатқандай, Галактиканың ядросы мен спиральдар арасында оларды жалғайтын бар (жалғастырғыш) тұрған тәрізді көрінеді. Спиральді галактикалар да ядроларының өлшемдерімен ерекшеленеді.

Дүниедегі ең ірі галактикаларға эллипстік галактикалар жатады. Олардың кейбіреуі шар тәрізді, ал кейбіреуі созылыңқы болып келеді. Олар өздеріне өте жақын келген әлдеқайда кіші галактикаларды қармап алу арқылы кеңейеді.

Сыртқы пішініне қарай астрономдар галактикаларды бірнеше түрге топтайды. Эллипстік галактикаларды 10 түрге бөліп, мынадай белгілеулер енгізді: Е0 (сфералық), E10 (қатты майысып, екі бүйірінен жаншылған, пішіні, құймақ нанға ұқсайды). Спиральді галактикаларды сыртқы түріне қарай екі түрге бөлді: жалғастырғышы бар (белгіленуі Sb), жоқ (белгіленуі S) және ядроларының өлшеміне қарай үш түрге

  1. 'Sa (ең ірі ядро),

  2. Sb (орташа ядро),

  3. Sc (кіші ядро), сол сияқты Sba, Sbb, Sbc деп бөлінеді. Барлык бұрыс галактикалар бір белгімен 'ir деп белгіленді.

Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) - құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. Құс жолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.

Этимологиясы

Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты біздің галактика Құс жолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды. Кейде Галактика (бас әріппен) деп те жазылады.

Ашылу тарихы

Құс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 жылы Галилео Галилей байқаған. Бірақ Галактика құрылысын жүйелі түрде зерттеуді XVIII ғасырдың аяғында Уильям Гершель бастады. Ол өзінің жүргізген зерттеулері негізінде бақыланған жұлдыздар пішіні сопақ, алып жүйе құрайды деген болжам айтты. Василий Струве 1847 жылы көлем бірлігіндегі жұлдыздар саны галактикалық жазықтыққа жақындаған сайын көбейетіндігін, ал Күннің галактика ортасында орналаспағандығын анықтаған. Ол 1859 жылы бүкіл Галактика жүйесінің осьтен айналу ықтималдығын көрсеткен. Галактиканың мөлшері жөнінде XX ғасырдың 1-ширегіндегі неміс астрономы Хуго Зелигер мен голланд астрономы Якобус Каптейн дәлелді пікір айтты. XX ғасырдың 20-жылдарында америкалық астроном Харлоу Шепли Галактика орталығының бағыты Мерген шоқжұлдызында екендігін анықтап, күннің галактика орталығында орналаспағандығын дәлелдеген. Швед астрономы Бертиль Линдблад жұлдыздар жылдамдығының әр түрлі болатындығына сүйене отырып, Галактиканың динамикасы мен құрылысын зерттеген, Галактика құрылысының күрделі екендігін ашқан. 1927 жылы голланд астрономы Ян Оорт жұлдыздардың сәулелік жылдамдығы мен меншікті қозғалысын зерттеу кезінде Галактиканың меншікті кіші осінен айналатындығын Біздің галактикаға жоғарыдан, яғни полюстен қарасақ, онда біз мыңдаған жұлдыздардан тұратын спиральді көреміз. Оның иірімі галактиканың центрі, материяның сәуле жұтатын қалың қабатымен қоршалған ядроға бағытталған. Оны инфрақызыл, радиосәуле қабылдағыш арқылы зерттейді.

Галактиканың ядросында салмақты қара құрдым болар деген болжам бар (массасы миллион Күннің массасындай). Ғаламның орталык аймақтарына жұлдыздардың күшті шоғырлануы тән. Орталыққа жақын орбір парсек куб көлемдегі жұлдыздар саны бірнеше мыңға жетеді. Жұлдыздардың арақашықтықтары Күннің маңайындағы қашықтықтарға қарағанда ондаған және жүздеген есе аз. Егер біз галактика ядросына жақын орналаскан жұлдыз маңындағы планетада өмір сүрсек, онда аспанда жарықтығы Айдың жарықтығындай ондаған жұлдыздар мен біздің қазіргі аспанымыздағы ең жарық жұлдыздан да жарық жұлдыздар саны бірнеше мың болар еді. Галактика ядросы Мерген шоқжұлдызы бағытында орналасқан.

Галактиканың дөңгелегіндегі газ негізінен оның жазықтығына жақын жинакталған. Ол біркелкі орналаспаған. Олардың ішінде кұрылымы біртекті емес ұзындығы бірнеше мың жарық жылы болатын алып бұлттардан басқа шамалары бір парсектен аспайтын шағын бұлттар бар. Біздің галактиканың химиялық элементі сутегі мен гелий болып табылады. Осы екі элементпен салыстырғанда қалған элементтер өте аз мөлшерде кездеседі. Жалпы алғанда дөңгелектегі жұлдыз бен газдың химиялық құрамы Күндегі сияқты.

Күн өзіне жақын барлық жұлдыздармен бірге 200-220 км/с жылдамдықпен галактика центрін айнала қозғала отырып, 200 млн жылда бір айналым жасайды. Демек, Жер өзінің барлық өмір сүрген уақыты ітттінде галактика центрін 30 рет айналып шыққан.

Жұлдыздар жинақтары менн олардың қозғалысы

Біздің Галактикада 1 миллиардқа жақын жұлдыздар бар. Ол диск терізді болады. Галактиканың қалындығы 25 кпс жақын, ал диаметрі оңшақты есе үлкен болады. Біздің Күн Галактика ортасынан оның радиусының 2/3 бөлігінде орналасқан. Галактика ортасына жақындай бергенде жұлдыздар орналасуының тығыздығы өсе береді. Галактика ортасына жақын облыста жұлдыздардың саны шұғыл өседі. Бұл облыста Галактика ядросы деп атайды. Кейбір астрономдар бұл облыста үлкен Қара аланда болу мүмкін деп есептейді.

Галактикадағы жұлдыздар әр түрлі бағыттар бойынша қозғалу мүмкін, бірақ барлығы Галактиканың айналуына қатысады. Бұл айналудың бірнеше ерекшеліктері болады. Біріншіден, Галактика ортасынан алшақтай берсек, айналудың бұрыштық жылдамдығы азая береді. Екіншіден, айналудың сызықты жылдамдығы алдымен ортасынан алшақтай бергенде өсі береді, Күннің қашықтығында ол 240 км/с максимал мәнге жетеді, одан әрі ақырындап азая береді.

Жұлдыздардың жинақтары

Жоғарыда айтылғандай, жұлдыздар Галактикада біртексіз таралған. Олардың таралу тығыздығы орта жазықтыққа жақындағанда және ортасына жақындағанда өседі. Онымен бірге жұлдыздар жұлдыздардың жинақтары деп аталатын өзара динамикалық байланысы болатын жұлдыздардың топтарын түзеді. Сыртқы түрі бойынша жұлдыз жинақтары екіге бөлінеді: шашыраған жинақтар және шар тәрізді жинақтар.

Шашыраған жұлдыз жинақтарындағы жұлдыздардың саны бірнеше жүзден аспайды және өлшемдері 2-ден 20 пс дейін болады. Біздің Галактикадағы бірінше оң мың шашыраған жұлдыздар жинақтары болу мүмкін.

Шар тәрізді жұлдыздар жинақтарында жұлдыздар саны жүздеген мыңдарға жетуге мүмкін және олар тығыз орналасқан, себебі олардың диаметрі орташа алғанда 40 пс жұық болады.

Жұлдыздар пайда болуы

Жұлдыздардың пайда болуына екі пікір бар. Көп зерттеушілер жұлдыздар олардың арасындағы диффузиялық ортадан пайда болады деп есептейді. Егер газ және тозанмен толтырылған облыста диффузиялық материяның массасы анықталған кризистік мәннен асып көтсе, бұл көлімдегі материя гравитациялық күштер әсерінен қысыла бастайды. Мұндай жағдай кездейсөқ флуктуациялар нәтижесінде пайда болу мүмкін.

Кейбір ғалымдар басқаша ойлайды. Олар жұлдыздар табиғаты белгісіз тығыз денелердің кеңею нәтижесінде пайда болады деп есептейді.

Жұлдызаралық тозаң және газ

Жұлдызаралық орта - біздің Галактика мен басқа Галактикалардың құрамындағы жұлдыздар арасындағы кеңістікті толтыратын сиретілген зат, жұлдызаралық газ және тозаң бөлшектері. Жұлдызаралық ортаның құрамына бұлардан басқа, ғарыштық сәулелер, жұлдызаралық магнит өрісі, сондай-ақ әр түрлі ұзындықтағы электрмагниттік сәулелер де енеді. Күн (басқа жұлдыздардың да) маңындағы Жұлдызаралық орта планетааралық ортаға ауысады. Галактикалар арасындағы кеңістікті галактикалық орта толтырады. Жұлдызаралық ортаның болатындығы туралы қорытындыны алғаш рет орыс астрономы В.Я. Струве (1793 - 1864) жасаған (1847). Бірақ оның болатындығы 20 ғасырдың 30-жылдары дәлелденді (америкалық астроном Р.Трамплер, орыс астрономы, Б.А. Воронцов-Вельяминов). Жұлдызаралық газ бейтарап және иондалған атомдар мен молекулалардан құралған. Оның негізгі массасын сутек (шамамен 90% пен гелий (шамамен 10%), сондай-ақ оттек, көміртек, неон және азот (әрқайсысы шамамен 0,01%) атомдары құрайды. Жұлдызаралық газ бен тозаң галактика жазықтығында өте күшті жинақталып, жұлдызаралық бұлтты түзеді. Біздің Галактикадағы жұлдызаралық бұлттың диаметірі 5 - 40 пк, темп-расы 20 - 100К. Ғарыштық сәулелерді құрайтын бөлшектердің энергиясы 106 - 1020 эВ. Жұлдызаралық магнит өрісінің кернеулігі Жердің магнит өрісінің кернеулігімен салыстырғанда 105 есе аз, бірақ оның энергиясы ғарыштық сәулелердің энергиясымен шамалас. Галактикалардағы Жұлдызаралық орта мен жұлдыздар арасында үнемі зат алмасу процесі жүріп отырады. Жұлдыздардың түзілуі кезінде Жұлдызаралық орта негізгі материал болып есептеледі. Сондықтан Жұлдызаралық ортаны зерттеу арқылы жұлдыздардың пайда болу механизмі айқындалады.



Аспан сферасындағы Күн қозғалысы.

Күнді бақылай келе, ғалымдар ерте кезден-ақ оның жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті ежелгі гректер эклиптика деп атаған. Ол әлі күнге дейін астрономияда осы атауын сақтап келеді. Эклиптика зодиак шоқжулдыздары (гр. зодиакос куклос - жан-жануарлар дөңгелегі) деп аталатын 12 шоқжұлдыз арқылы өтеді. Олардың саны бір жыл ішіндегі айлар санына сәйкес келеді, ал осы шоқжұлдыздардың жиыны 'зодиак белдеуі деп аталады.

Күн зодиак шоқжұлдыздарының әрқайсысында бір ай шамасында болады. Сөйтіп, Күннің аспан сферасы бойынша жылдық жолы эклиптика деп аталады дедік. Күн эклиптика бойымен жылжи отырып, аспан экваторын 21 наурыз және 23 кыркүйекке сейкес келетін, күн мен түннің теңелу деп аталатын нүктелерде екі рет қиып өтеді. Күн мен түннің көктемдегі теңелуі нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында болады. Бұл күндерде Күн аспан экваторын басып өтеді, ал аспан экваторын аспан көкжиегі как бөледі. Ендеше көкжиек үстіндегі және астындағы Күн жолдары тең, яғни күн мен түннің ұзақтығы бірдей. 22 маусымда Күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашык орналасады. Бүл ең ұзақ күн - жазғы күн тоқырауы. 22 желтоқсанда Күн экватордан оңтүстікке карай ең алыс қашықтықта болады. Бұл ең қысқа күн - қыскы Күн тоқырау күні.

Ерте кезде Күннің жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Күн бекітілген аспан сферасының жұлдыздар бекітілген сфераға қатысты қозғалысынан болады-мыс деп түсіндірілді. Алайда мұндай түсіндіру сол кездегі кейбір философтарды канағаттандырмады. Мәселен, атақты Пифагордың (б.з.б. V I - V F F . ) оқушылары Күннін жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Жердің қозғалуы салдарынан болады деген болжам айтты. Бірақ бұл болжамды (Жердің өз осінен айналатыны сиякты) ғалымдар құптамады, ал шіркеу оған мүлдем қарсы болды. Сөйтіп, мың жылдан астам уақыт бойы, Н. Коперникке дейін, ешкім Жердің қозғалатыны жайында сөз етпеді. Қазіргі кезде Жер өз осін айнала тәуліктік қозғалыс жасап қана коймай, сонымен қатар Күнді айнала, орбита бойымен бір жыл ішінде толық бір айналым жасап қозғалатыны туралы толықтай сенімді дәлелдемелер бар. Сонымен, шын мәнінде, Күннің эклиптика бойымен жылдық қозғалысы жалған көрініс болып табылады. Ол біз Күнді бақылаған кезде санақ денесі ретінде тіпті де тыныштықта болмайтын, яғни өзі де Күнді айнала қозғалатын, Жерді таңдап алғанымыздың салдарынан болады. Күннің бетінде көптеген коңыр дактар болатыны белгілі. Мінеки, осы дақтардың өзара орналасуын бақылай отырып, ғалымдар олардың Күннің шығыс шетінен батыс шетіне қарай ығысатынын анықтаған. Бұдан шығатын қорытынды: Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады.

Метагалактика және оның ұлғаюы.

Ғаламның қазіргі заманғы астрономиялық бақылаулар тәсілімен қамтылған бөлігін Метагалактика - деп атайды. Метагалактикада галактикалар аралығы ғарыш сәулелері өтіп жататын өте сиретілген галактикааралық газдармен толтырылған, онда гравитациялық және электрмагниттік өрістер, сол сияқты көрінбейтін зат массалары болуы мүмкін.

Өте шалғайдағы Метагалактикалық, объектілерден жарық бізге миллиардтаған жыл жүріп жегеді. Сонда да Метагалактиканы «бүкіл Ғаламмен» теңдестірудің негізі жоқ. Негізінде басқа, әзір бізге белгісіз метагалактикалар бар болуы мүмкін.

Сонымен, біз ұлғаюшы Метагалактикада өмір сүреміз. Бұл құбылыстың өзінше ерекшеліктері бар. Мысалы, біздің Күн жүйемізге, жұлдыздардың еселі топтарына немесе тіпті жеке галактикаларға ұқсас жүйелер Метагалактика ұлғаюына қатыспайды. Демек, Метагалактиканың ұлғаюы тек шоғырлар және галактикалардың аса шоғырлары, яғни құраушылары галактикалар болатын жүйелер деңгейінде ғана байқалады.

Метагалакьтканы бүкіл Ғаламмен тең қойып, Метагалактиканың ұлғаюы Ғаламды табиғаттан тыс, құдай жаратқан деген діни ұғымды дәлелдейді деп түсіндірмек болады. Бірақ Ғаламда өткен заманда бақыланған үлғаюға себеп боларлық табиғи процестер белгілі. Ең ықтимал процесс бұл қопарылыстар. Олардың ауқымы галактикалардың кейбір түрлерін оқыған кезде бізді таңдандырған болатын. Былайша пайымдауға болады: Метагалактиканың ұлғаюы да орасан зор температурасы мен тығыздығы бар заттың керемет қопарылысын елестететін құбылыстан басталған.

«Ыстық Ғалам» гипотезасы. Астрофизиктердің есептеулері ұлғаю бастала салысымен Метагалактика заты өте жоғары температурада болып және оның құрамында элементар бөлшектер (мысалы, нуклондар) мен олардың антибөлшектері болғанын көрсетеді. Ұлғаю барысында заттың тек температурасы мен тығыздығы ғана өзгеріп қоймай, сонымен қатар оған кіретін бөлшектер құрамы да өзгерген, себебі көпшілік бөлшектер мен антибөлшектер аннигиляцияланып электрмагнит сәуле шығару кванттарын тудырған. Осы заманғы Метагалактикада кванттар жұлдыздарды, ғаламшарларды және диффузиялық материяны құрайтын атомдардан анағұрлым көп болып шықты. «Ыстық Ғалам» деп жиі аталатын осы гипотеза бойынша аса тығыз заттың су тығыздығына жақын затқа айналуына бірнеше минуг қана жеткілікті. Бірнеше сағаттан соң тығыздық біздің ауамыздың тығыздығымен салыстырарлықтай болса, қазір миллиардтаған жылдар өткен соң Метагалактиканың орташа тығыздығын бағалау 10-28 кг/м3 -дей мәнді көрсетеді.

Орындалған есептеулер физика заңдарына негізделген. Осы заңдарды білу және заттың кеңістіктегі таралымына қайсыбір болжамдар жасау осыдан сан миллиард жыл бұрын болып өткен процестер туралы түсінік алуға мүмкіндік жасайды.

«Ыстық Ғалам» гипотезасын растайтын тәжірибелік дәлелдемелер бар ма? Мүмкін, біз қазір бұл сұраққа дұрыс жауап бере алатын шығармыз, себебі 1965 жылы Метагалактика заты бұрын өте ыстық және тығыз болған деген ойды растайтын жаңалық ашылған болатын. Ғарыш кеңістігі Метагалактика дамуының ешқандай жұлдыздар, галактикалар, тұмандықтар болмаған өте ерте кезеңінің хабаршылары болып табылатын электрмагниттік толқындарға толы болып шықты. Бұл электрмагниттік сәуле шығару реликт сәуле шығару деп аталады. Реликт сәуле бүкіл кеңістікті, бүкіл галактикаларды шарлап өтеді, ол Метагалактиканың ұлғаюына қатысады.

Реликт сәуле шығаруды 7,3 см толқындағы радио-бөгеуілдерді зерттеу үстінде, американдық ғалымдар кездейсоқ ашқан болатын. Бұл жаңалық ашу кездейсоқ болғанмен де, ең маңыздысы - реликт сәуле шығарудың бар екенін теоретиктердің алдын ала болжауы. Бұл сәуле шығаруды ең алгашқылардың бірі болып Дж. Гамов (1904-1968 ж.) үлкен қопарылыстан кейінгі алғашқы минуттарда химиялық элементтердің пайда болу теориясын қарастыра отырып, ашқан еді. Реликт сәуле шығарудың бар екенін алдын ала болжау және оны ғарыш кеңістігінен табу дүниені және оның заңдылықтарын танып-білудің тағы да бір мүлтіксіз мысалы.

Ғаламды зерттеулер Жердегі жағдайларда ашылған физика заңдарына негізделеді. Бұл заңдар Ғаламды зерттеудің осы заманғы әдістерін жасауға және осы күні белгілі ғарыштық құбылыстарды түсіндіруге мүмкіндік береді. Бірақ Ғаламды тану процесінде әзірше бізге белғісіз жаңа құбылыстар, ғарыш объектілерінің жаңа түрлері, энергияның жаңа қайнар көздері, сол сияқты жаңа заңдар да ашылуы ғажап емес.

Ғаламның космологиялық моделі. Астрофизика, галактикадан тыс астрономия, теориялық, физика және математиканың ең жаңа салаларының түйіскен жерінде астрономияның космология деп аталатын бөлімі орын алады. Космология жекелеген аспан денелері мен олардың жүйелерін ғана емес, біртұтас Ғалам құрылысын және онда болып жатқан процестерді зерттейді. Осы процестердің бірі Метагалактика ұлғаюымен сендер танысқан болатынсыңдар және осы құбылыстың ашылуын А.А.Фридман алдын ала болжап айтқанын білеміз. Ол біртекті және изотропты деп аталатын Ғаламның қарапайым математикалық үлгісін пайдаланды. Ғаламның ірі масштабты құрылымының қазіргі заманғы түсіндірмесі мұндай үлгіге қайшылық келтірмейді. Дегенмен әңгіме Ғалам құрылысы көрінісін қарапайымдау туралы болып отырғанын естен шығармау керек. Мұндай қарапайымдау ақиқат дүниеде өтіп жатқан күрделі процестерді математикалық зерттеу үшін қажет. Ғаламның құрылымы мен дамуы қарапайымдалған математикалық схемалар мен үлгілерден анағұрлым күрделі екені айқын.

Қазір Метагалактика ұлғаюда, ал алдағы уақытта онда не болмақ? А.А.Фридман теориясы Ғаламдағы орташа тығыздыққа байланысты әр түрлі мүмкіндіктерді жорамалдайды. Мысалы, егер материя тығыздығы 10-26 кт/м3 шамасынан кіші болса, онда біз «ашық» дүниеде, яғни галактикалар бір-бірінен ылғи алшақтайтын шексіз Ғаламда өмір сүреміз. Орташа тығыздық туралы мәліметтер (≈10-28 кг/м3) осы жағдайды меңзейтін сияқты. Бірақ, егер галактикалар мен галактика шоғырларында жасырын зат массалары бар екендігі көрсетілетін болса, онда орташа тығыздық басқаша болып шығады. Онда алда ұзақ уақыт өткен соң Метагалактика ұлғаюы сығылуымен алмасады. Бірақ дүние «тұйық» болған жағдайда да Ғаламның ешқандай шекарасы болмайды, ол шектеулі, бірақ шекарасыз. Мәселе мынада: заттың алып массалары кеңістікті қисайтады да, ол Евклидтік болмай қалады, онда жарық сәулелері түзу тарамайды, ал түзү сызық екі нүктенің ең жақын ара қашықтығы болмай шығады. Евклид кеңістігінде шексіздік пен шекарасыздық ұғымдары бірлесіп кетеді, мысалы, жазықтық шексіз және шекарасыз. Екі өлшемді Евклидтік емес қисайған кеңістікке сфера мысал бола алады. Сфераның шекарасы жоқ, ол шекарасыз, бірақ шектелген, және оның ауданын есептеуді біз білеміз. Үш өлшемді қисайған кеңістікті көз алдымызға елестету қиын, бірақ ол екі өлшемді Евклидтік емес кеңістік тәрізді шекарасыз және шектеулі болуы мүмкін.

4.Сабақты бекіту

4.1.Көкпар ойыны

Әр топқа сұрақтар беріледі. Сұрақтар саны шектеулі.Дұрыс жауап берген топқа лақ беріледі. Келесі сұраққа дұрыс жауап бермесе, лақ жауап берегн басқа топқа беріліп отырады.

Сұрақтар:

  1. Галактика дегеніміз не? (Галактика - жұлдыздар мен жұлдыздардың шоғырлануы, жұлдызаралық газдар мен тозаңнан және түнек материясынан құралған алып, гравитациялық-байланысқан жүйе.)

  2. Галактика түрлерін айт (спиральдық галактикалар;эллипистік галактикалар;бұрыс галактикалар. )

  3. Біздің галактика не үшін Құс жолы деп аталады?( Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты біздің галактика Құс жолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды.)

  4. Жер өзінің барлық өмір сүрген уақыты ітттінде галактика центрін қанша рет айналып шыққан? (30 рет)

  5. Біздің Галактикада қанша жұлдыздар бар? (1 млрдқа жақын)

  6. Жұлдыз жинақтарының түрлері (шашыраған жинақтар және шар тәрізді жинақтар.)

  7. Жұлдызаралық орта дегеніміз не? (біздің Галактика мен басқа Галактикалардың құрамындағы жұлдыздар арасындағы кеңістікті толтыратын сиретілген зат, жұлдызаралық газ және тозаң бөлшектері.)

  8. Мегагалактиканы қалай түсінеміз?

  9. Адам көзін жұмып ұйықтай ала ма? (иә)

4.2.Аңшылар

Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығады. Олар аңшылар болады. Ал қалған оқушылар үйректер болады. Ойын шарты бойынша үйректер аңшыларға сұрақтар қояды.Көп сұраққа жауап берген аңшы бағаланады.

4.3. Адасқан әріптер ойыны

  1. ЛКТААКИГА ГАЛАКТИКА

  2. ДЫЖЛҰЗҒШОРЫЫ ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЫ

  3. ГГЛАИККТАМАЕА МЕГАГАЛАКТИКА

  4. ҢОАЗТ ТОЗАҢ

  5. ЫЖҰҚСЛО ҚҰС ЖОЛЫ

5.Сабақты қорытындылау

Сергіту сәті «Мен қанндаймын?»

Оқушыларға түрлі-түсті қағаздар таратылады. (қалаған түстерін таңдайды)

Қызыл-белсенділік пен өмірлік күш-қуаттың түсі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар алдынан кездескен қандай кедергіден де қорықпайды.

Сары-жылу мен жарықтың түсі. Сары түс белсенді, өте көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынған адамдар.

Жасыл - тыныштық пен тұрақтылықтың түсі. Жұмысқа беріле кірісіп, барлық күш жігерін жұмсайды. Айналасындағыларға құрметпен қарайды.

Көк түсті ұнататындар -адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайды. Олар зұлымдықты, сатқындықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.

Ақ - шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл және қызба келеді, тез еліктегіш, өзінің ықпалына жеңіл беріледі.

Қара түс - ұстамдылықтың белгісі. Бұл түсті ұнататын адамдар сыр мінез келеді, сезімін сыртқа шығара бермейді. Олар көзге түскенді, көпшіліктің қалың назарында болғанда ұнатпайды.

6.Оқушыларды бағалау
Бағалау кестесі бойынша оқушыларды бағалау.

7.Үй тапсырмасы
Әлемнің құрылысы мен эволюциясы тақырыбын оқып келу






© 2010-2022