«Менің отбасым, менің үйім және ондағы менің орным»

Сабақ: Валеология Тақырыбы:Менің отбасым.Менің үйім және ондағы менің орным.   Сабақтың мақсаты: «Отбасы» туралы түсінік беру.Баланың үйдегі орны жайлы түсініктерін қалыптастыру.Үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,жауапкершілік сезімдерін дамыту. Ата-анасына,туған жеріне,туған туыстарына,бауырларына сүйіспеншілік қасиетін қалыптастыру. Көрнекілігі:шарлар,суреттер,карта,жер ғаламшарының макеті,нақыл сөздер. Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру,әңгімелеу. 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,Бөлм...
Раздел Астрономия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әсем балалар бақшасы»






Ашық сабақ.

Тақырыбы: «Менің отбасым,менің үйім және ондағы менің

орным»мектепалды топ





Тәрбиеші:Тастандиева А.Т



Сабақ: Валеология

Тақырыбы:Менің отбасым.Менің үйім және ондағы менің орным.

Сабақтың мақсаты: «Отбасы» туралы түсінік беру.Баланың үйдегі орны жайлы түсініктерін қалыптастыру.Үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Ата-анасына,туған жеріне,туған туыстарына,бауырларына сүйіспеншілік қасиетін қалыптастыру.

Көрнекілігі:шарлар,суреттер,карта,жер ғаламшарының макеті,нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу,Бөлме өтілетін сабаққа байланысты безендірілген.

Тәрбиеші:Балалар біз ғарышта ғарыш кемесімен саяхаттап жүрміз.Қараңдаршы,балалар біз ғаламшарларды көріп тұрмыз.Міне,сатурн,шолпан,марс,жер.

Мынау жер ғаламшары.Жер ғаламшары туралы әңгімелеу.

Ол қандай пішінге ұқсайды?

Жер ғаламшарларынан қандай түстерді байқап тұрсыңдар?(көк,қоңыр,ақ)

Көк түс ол судың белгісі.

Мұхиттар мен теңіздер.

Ақ түс ол бұлттар.

Аспанда қалқып жүрер.

Қоңыр түс құрлық дер.

Оның аты болар -Жер.

Жер ғаламшары:

1.Судан.

2.Құрлықтан.

3.Бұлттан тұрады екен.Ортасында орналасқан Күн.Жерге жарығымен жылуын беретін ғаламшар.

Күнге арнап ән айтайық.

Ән: «Күн әлемі»

Тәрбиеші:Біз бүгін қзақ саяхаттан кейін туған жерімізге ораламыз.

Психожаттығу:Көзімізді жұмып,бір-біріміздің қолымыздан ұстап төменге түсеміз.Міне,төмендеп келе жатырмыз.Балалар,туған жерімізге келіп жеттік,терең дем алып көзімізді ашып,жан-жағымызға қараймыз,жерге оралғанымызға қуанып бір-бірімізге қарап күлімдейміз.Мұнда қараңдаршы,балалар,бізді жерде қонақтар қарсы алып отыр екен.Бәріміз қонақтармен сәлемдесейік.

Картамен жұмыс.Әңгіме,сұрақ-жауап.

Міне,балалар біздің Қазақстан мемлекетінің жер көлемі өте кең.Балалар,мемлекетіміздің бас қаласы қалай аталады?(Астана).

Ал,туған жеріміз туралы кім айтып береді?(Жамбыл обылысы,Шу ауданы,Төле би ауылы).Балалар,осы Төле би ауылында Әрқайсыларыңның үйлерің бар,сол үйде тұратын адамдарды біріктіріп айтқанда қалай атаймыз?(отбас).

Отбасы туралы жеке сұрақтар.

Үлкен саяхаттан кейін шаршаған шығарсыңдар,орындықтарға отырып демалыңдар.

Балалар сендер қай балабақшаға келіп жүрсіңдер?(Әсем балалар бақшасына).

Балабақшаға сендерді кім алып келеді?(әжеміз,әкеміз,анамыз,атамыз).

Балалар,дем ала отырып жұмбақ шешейік.

Мейірімді-жел жібек,

Күндей ыстық құшағы

Ет жүрегі елжіреп,

Құлыным,деп құшады. (Әже)

Кім туралы айтылған,балалар.Кім айтады екен?

Дұрыс айтасың.Балалар бізге қонақ келіп қалған секілді.

Ғажайып сәт.(Әже кіреді)

Сәлемдесу.Балалар әжені төрге апарып отырғызады.Отбасы туралы тақпақтар айтып береді.

Ата

Айтады ертек жан атам

Ақсақалын салалап

Құмарымды таратам

Жер мен көкті аралап.

Менің анам

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Мен гүлдерді жұлмаймын

Тоғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын.

Мен

Атам не айтсам көнетін

Апам көңіл бөлетін

Мен осы үйдің еркесі

Бәрі жақсы көретін.

Тәрбиеші:Ал енді.әже сізге және балаларға отбасы туралы санамақ жұмбақ айтып берейік.Қане кім айтады екен?

Біз қанша адамбыз?

Ал санаңдар,санаңдар

Бізде қанша адам бар?

Алдымда:Атам,әжем бар,

Алдымда:әкем,анам бар

Білмесеңдер,біліңдер

Тағы саусақ бүгіңдер

Алдымда:әпке,көкем бар.

«Аман жүрсін інім»-дер.

Өзім бармын,інім бар

Кіп-кішкентай күнім бар.

Қанша болдық бәріміз?

Қанша болдық?біліп ал!

Әже сөзі:Ой,жарайсыңдар.

Тәрбиеші:Әже,біздің балалар онға дейін тура және кері санай алады.

Балалар онға дейін тура және кері санайды.

Әже:Ой жарайсыңдар балаларым!Ал менің санамағым сергітуге жақсы тыңдап көріңдер.

Сыңғыр,сыңғыр,сырғалар

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік,

Саусақтарда сақина

Қане санап көрсетші.

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:Енді балалардың сөзжұмбақ шешкенін тамашалаңыз.сөзжұмбақ арқылы балалардың қандай болу керек екенін көрейік. «Әдепті» тақырыбында сөзжұмбақ шешеміз.


т

Ә

р

т

і

п

т

і

т

ы

ң

Д

а

у

р

Е

н

ж

і

т

п

е

у

к

і

ш

і

П

е

й

і

л

ө

Т

п

е

у

к

І

ш

і

г

е

1.Балабақшада қандай болу керек?

2.Әке-шеше ақыл айтқанда не істеу керек?

3.Қыздарды біз қалай сыйлаймыз?

4.Үлкендер алдында қандай болу керек?

5.Үлкендердің жолына не істемеу керек?

6.Қамқорлықты кімге жасау керек?

Әже:Балалар сөзжұмбақты,санамақты жақсы шешеді екен.Ал,үйде ата-аналарына тұрмыстық көмек береді ме екен?

Тәрбиеші:Әже,қазіргі заманда балалар сегіз қырлы,бір сырлы болып өсулері керек.Біздің балалардың қалай жұмыс істейтінін қарап отырыңыз.

Ұжымдық жұмыс.Екі топқа бөлінеді.Бірінші топ табиғат бұрышында жұмыс істейді.Екінші тобымыз құрылыспен айналысады.

Гүл ексең терлеп,

Бұның аты еңбек.

Балалар үлкендерге көмектесіп,

Зәулім үй де тұрғызады.

Қалаушы да табылады,

Үй салынды,жабылды

Қосып құмға лайда

Сылақшылар сылайды.

Терезе,есік,едені

Қиюласты әдемі.

Құрылысшы боламыз

Зәулім үйлер саламыз.

Дидактикалық ойын: «Біздің денсаулығымызға не керек?»

Мақсаты:Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту,жылдамдығын арттыру.

Құралдар:Доп т.б

Ойын барысы:Тәрбиеші балаларды дөңгелете тұрғызып,денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды.Содан кейін тәрбиеші допты кезекпен балаларға лақтырады,ал балалар қажетті заттарды атап,керісінше допты тәрбиешіге қайтарады.Ал,шатасқан балалардың орнына басқалары жауап береді.

«Дені саудың-жаны сау» бәрі бірге қайталау.


Жанды пішіндер

Білім беру саласы: «Таным».Математикалық ұғым.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі.Құрастыру.көркем әдебиет.

Мақсаты:Геометриялық пішіндерді ажырата білуін,санау таяқшаларымен геометриялық пішіндер құрастыруын,ойлау қабілеттерін дамыту.Қанша,сонша ұғымдарын қалыптастыру.

Дамытушылығы:Балалардың ой қиялын дамыту,есте сақтау,көру,қол,саусақ ұсақ моторикасын,қисынды ойлауын дамыту.

Тәрбиелігі:Жеке жұмыс жасай білуін тәрбиелеу.Ертегіге деген сезімін,мейірімділік сезімін ояту.

Көрнекіліктер:Магнитті тақта,ата,апа,үйшік,балапан,үй жануарлары мен геометриялық пішіндер.

  • Кішкене шеңберлер

  • Шылдырмақ (бубен)

Үлестірмелі материалдар:Әр балаға ыдысқа салынған санамақ таяқшалары мен жіптер,геометриялық пішіндер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Балалар,бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері:Амансызба алтын күн,жарқыраған жарқын күн.Маған мейірім мен шуақ бер,қуаныш пен бақыт бер.Балалр,бір-біріміздің жылылығын ұстап жүрегіміздің жылылығын мейіріммен,қуанышпен жеткізейік.

Енді отырып жайғасайық.

Ертегі оқу:Ертеде бір ауылда кемпір мен шал өмір сүріпті.Олардың үй жануарлары болыпты.Бірде олар серуендемек болып қалады.Адасып жүріп олар біздің топқа келеді.Жолда келе жатып пішіндерді тауыпты.Жануарлар геометриялық пішін туралы білгісі келді.Балалар,мына жануарлар біздің сабағымызға қатыссын,оларға геометриялық пішіндер туралы айтып береміз.Ал,соңында оларды ауылына апасы мен атасына жібереміз.

ІІ.Негізгі бөлім.

1)Тақтадағы жұмыс.

Балалар,бәріміз бірге мына геометриялық пішіндерді санайықшы.Қанша геометриялық пішінді көріп тұрмыз?

Олардың тағы қандай айырмашылығын көріп тұрсыңдар?Дұрыс айтасыңдар.Түстері әр түрлі.

Балалар,сендер мен «геометриялық домино» ойынын ойнайық.

Ойынның шарты:үстел үстіндегі пішіндер арасынан,тәрбиеші атаған пішінді тауып тақтаға ілеміз.

А)Үшбұрышты тап.Айырмашылығын,түсін анықтау.

Жарайсыңдар балалар,орындарыңа отырыңдар.

2)Санау таяқшаларымен,жіппен жұмыс жасау.Міне,балалар біз жануарларды геометриялық пішіндермен таныстырып өттік.Енді мына санау таяқшалардан геометриялық пішіндер құрастырайық.Маған шаршы,тіктөрт бұрыш,үшбұрышты құрап беріңдерші.

Ал жіптен шеңбер мен сопақшаны құраңдар.Бұл пішіндердің қайсысы дөңгелей алады,қайсысы дөңгелей алмайды.Оларға не кедергі жасайды?Шаршыда,тіктөрт бұрышта қанша бұрыштары бар?

Жарайсыңдар!

Сергіту сәті.

3)Жұмыс жасау.

Балалар,қараңдаршы мыналар кімдер?(балапан мен көжек)

-Ия,дұрыс айтасыңдар.Олар өте кішкентай,сондықтан да басқа жануарлармен серуендеуге шықпады.екеуі ауылда қалды.

-Қараңдаршы мына суретте балапан және көжектің бейнесі.Олардың дене мүшелері геометриялық пішіндерден тұрады.

Қандай пішіндерді көріп тұрсыңдар?

Қалай ойлайсыңдар?(шеңбер және үшбұрыш)

Түстерін анықтау

Жақсы!

Балапан мен көжек өскенде,оларда барлығымен қосылып серуенге шығады.

«Үйшігіңді тап» ойын.

4)Сендер білесіңдер ме?Балалар ,үй жануарлары өздеріңнің үйшіктеріндекүркешелерінде,сарайларында,қорада тұрады.Сондықтан да жануарлар өздері тұратын жерлерін қателеспей таниды екен.

Ал сендер,өздеоріңнің пішіндеріңе үйшік таба аласыңдар ма?

Алдарыңдағы геометриялық пішінді алып,ронымыздан тұрамыз.

Кімде шаршы бар,солар шаршы жатқан шеңберге барады т.с.с (шылдырмақ шылдырлағанда араласып жүгіреді ал тоқтағанда үйшіктерді табады).Жарайсыңдар,сендер де үйлеріңді таба алады екенсіңдер.

5) «Қанша,сонша»тапсырмасын орындау.Жолақтар мен жұмыс.аз немесе көп,жоғары,төмен ұғымын қалыптастыру.

Сабақты қорытындылау.

Міне сабағымызда аяқталды.Бүгін біздің тобымызға кімдер келді?Жануарларға не туралы айттық?Қандай геометриялық пішіндерді қайталадық.

Балалар,жануарларға бізбен өткізген уақыт өте ұнады,бірақ олар атасы мен апасын сағыныпты.Қане балалар жануарларды ауылына жіберейік.(Жануарлар ауылына келді)

Ата мен апа қуанып сендерге сыйлыққа бір қап алма беріпті.

Балалар барлығын сабаққа жақсы қатыстыңдар!Сендерге рахмет!







© 2010-2022