Шығармашылық жұмыс-астрономия пәнінен

Раздел Астрономия
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:








Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен



Қойшекенова Жұлдызай Сұңғатқызы

9 сынып оқушысы.




Ай атаулары.


Қазақша

Орысша

Ескіше

1

Қаңтар

Январь

Дәлу

2

Ақпан

Февраль

Хұт

3

Наурыз

Март

Хамал

4

Сәуір

Апрель

Көкек

5

Мамыр

Май

Зауза

6

Маусым

Июнь

Саратан

7

Шілде

Июль

Әсет

8

Тамыз

Август

Сүмбіле

9

Қыркүйек

Сентябрь

Мизам

10

Қазан

Октябрь

Ақырап

11

Қараша

Ноябрь

Қауыс

12

Желтоқсан

Декабрь

Жәди








Тобы

Шоқжұлдыздар атауы

Белгісі

Жеке мінездеме

Жалпы мінездеме

От




Тоқты

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен





Белсенді, өмірге сеніммен қарайды, жігерлі, ширақ, мансапқұмар, шығармашылық қуаты мол, ашушаң, күйгелек.

Тоқты үшін өмір сүрудің өзі сүйікті іс болып табылады. Бірақ ол барынша белсенді, шытырман оқиғаларға толы жарқын өмір сүргенді қалайды. Спортты, биді, өмірі қызық және танымал адамдармен араласқанды ұнатады. «Өмір- қозғалыста» деген қағиданы ұстанатын Тоқты үнемі барлық жерге үлгеруді көздеп, жүгіріп жүреді. Ол-табиғатынан күрескер. Сондықтан өзіне біреумен немесе бір нәрсемен күреске түсуге болатын істі таңдайды. Қолы бос кезде ғаламторға кіріп, жарыс сипатындағы ойын ойнағанды жаны сүйеді.



Арыстан

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен

Арыстан-нағыз шығармашылық адамы. Ол бос уақытын да соған байланысты істерге арнайды. Көбіне суретке түсумен, сурет салумен, ән салумен айналысады. Бұл жұлдыздық белгінің кей өкілдері зергерлік өнерге ден қояды. Арыстан бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырғанды ұнатпайды. Ол сүйікті ісіне ұйқысын да, бар бос уақытын да қиюға бар. Бос уақытында кітап оқығанды, жазба жұмысымен шұғылданғанды, кино көргенді ұнатады.



Мерген

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен

Саяхат және жануарлар әлемі... Мергендердің көпшілігі осы екі салада өздерін жайлы сезінеді, жандары рахат сезімге бөленеді. Тағы біреулері шығармашылықпен айналысуды өмірінің мәніне балайды. әдебиет-олардың сүйікті ісі. Олар бос уақытында кітап оқығанды, ой-қиялға берілгенді, армандағанды жақсы көреді. Оның қолына шытырман оқиғалы кітап беріп қойсаңыз, ол бос уақытының қалай өтіп кеткенін білмей де қалады.

Жер



Торпақ

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен




Тұрақты, сылбыр, келісімге келгіш, орнықты, шыншыл, қатал, жинақы, тапқыр.

Әдетте Торпақтың сүйіп айналысатын ісі қолөнермен байланысты болады. Тігін тігімен қатар гүл өсіруден де қашпайды. Ақша түрлерін, әртүрлі киім үлгілерін жинағанды жақсы көреді. «Уақыт жетіспеушілігі» деген ұғым Торпаққа тән емес. Ол мұндайды түсінгісі де келмейді. Егер сүйікті ісінің кесірінен маңызды кездесуге немесе жұмысқа кешігіп жатса, сүйікті ісін ойланбастан доғарады. Қалыптасқан күн тәртібін бұзбай, ештеңеден құр қалмай, барлығына үлгеріп жүру-Торпақ өмірінің басты шарты.


Бикеш

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен

Бикеш-сегіз қырлы, бір сырлы жан. Оның сұйікті істері де әр алуан: музықа тыңдау, кітап оқу, тігін тігу. Ол өзінің жан-жақтылығымен айналасындағыларды таң қалдырып жүреді. Көбінесе күрделі іспен айналысқанды жақсы көреді. Көптеген Бикештер кітап жинаумен шұғылданады. Қонақтарын ерекше дәмді тағаммен тамсандырғанды ұнатады.

Тауешкі

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен

Тауешкі жұмыс жасай отырып демалады және керсінше, демала отырып жұмыс жасайды. Оның сүйікті ісі әр алуан: суретке түсіру, сурет салу, тәтті тағамдар пісіру. Әдетте Тауешкінің сүйікті ісі оның қызметіне айналады. Мұндай үйлесімділік оның жан дүниесін тынышталдырып, әулеметтік тұрғыда да қанағаттандырады. Егер ол бір іске кіріссе, соған бар уақытын арнап, қызығушылығы басылмайынша қол үзбейді.

Ауа




Егіздер

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен






Байланыс, қарым - қатынас орнатуға бейім, ақпараттарды шапшаң игереді, өзгерістерді тез қабылдайды.

Егіздердің сүйікті ісі әр алуан: шет тілдерін меңгеру, бимен айналысу. Бос уақытында сөзжұмбақтар шешіп, кітап оқып, кино көргенді ұнатады. Шытырман оқиғаға толы саяхаттарды жаны сүйеді. Бос уақытын достарына не болмаса сүйіктісіне арнағанды жөн санайды.Шығармашылықпен (мақала, әңгіме жазу) айналысу да-оның сүйікті істерінің бірі. Олардың сүйікті істері көбіне техникамен, ақпаратпен байланысты болып келеді. Кейде радио тыңдауға уақытын аямай арнайды.



Таразы

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен

Таразының сүйікті ісі шығармашылықпен байланысты болып келеді: сурет салу, би, әдебиет. Ол үтік, сағат, кітап жинағанды жақсы көреді. Өнерді сүйетін және оны бағалай білетін Таразы көпшіліктен ерекшеленіп, өнердің шыңына жетуді мақсат етеді. Олардың кейбірі өнер тарихын зерттесе, енді бірі әнжинақтарын, тағы бірі (әйелдер қауымы) өзіне ұнайтын киім үлгілерін жинайды. Әйел-Таразылар көбінесе бос уақыттарын дүкен аралауға арнайды.



Суқұйғыш

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен

Суқұйғыштың сүйікті істері: жергілікті өнер орталықтарында өнер көрсету, жәндіктерді суретке түсіру, компьютер бағдарламаларын құрастыру. Кез келген істе қасында ақыл қосатын жандардың көп болғанын қалайды. Ол үшін өмірдің мәні-достарымен бірге болу. Дегенмен жалғыздықты жаны қалайтындары да жоқ емес. Олар әдетте дәлеледенбеген теориялармен жұмыс істеп, анық жауабы жоқ пәлсапалық сұрақтарға жауап іздеумен уақыт өткізеді. Қызығы-солардың шешімін табуы мүмкін.

Су



Шаян

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен



Енжар, сенгіш, әсерленгіш, шынайы, сезімтал, есте сақтағыш, қабілетті, күшті, алғыр, зерек, бауырмал, ізетті.

Шаян өз үйін, бөлмесін безендіргенді жақсы көреді. Қолы қалт етсе, гүл егумен, тәтті тағам пісірумен, үйге қажетті нәрселерді тігумен айналысады. Кей Шаяндар демалыс күндерін қолына құрал-саймандар алып, үйінің жөндейтін жерлерін жөндеумен өткізсе, еш өкінбейді. Егер оның саяжайы бар болса, барлық бос уақытын сонда жұмыс істеуге арнайды. Яғни олар бос уақытында үй тірлігімен айналысқанды жақсы көреді.


Сарышаян

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен

Сарышаян өзгелерге ұқсағысы келмейді. Сүйікті ісін де ешкімнің қалауына ұқсамайтын етіп таңдайды: пайдалы қазбаларды зерттеу, тауға шығу, әдебиетке жақын адамдармен пікірлесу. Олардың басым көпшілігі тәуекелшіл келгендіктен, қауіпті әрі күрделі істермен айналысқанды жақсы көреді. Сонысымен өзіне және айналасына бойындағы бар қабілетін мойындатқысы келеді. Бәрінен шаршаған кезде оңашалықта шытырман оқиғалы кітап оқуға ұмтылады.


Балықтар

Шығармашылық жұмыс- астрономия пәнінен

Балықтардың сүйікті істері-музыка, кино, би, қолөнер, суретке түсіру, тігу. Бұл белгінің өкілдері шығармашылық орталарда жиі кездеседі. Ол тылсым дүние құпияларын тануға құштар. Оған қиялмен өмір сүру ұнайды. Егер Балықтар армандарына жете алса, олардан тамаша жазушылар, музыканттар, суретшілер шығады. Ол үшін мақсатты түрде еңбек етулері керек.


© 2010-2022