Открытый урок Сайыс сабақ

Раздел Астрономия
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сайыс сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: Ойын барысында өткен материалдарды бекіту.

2. Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттыру.

3 .Тәрбиелік: коллективизмге баулу, қазақ тіліне деген ынтасын арттыру.

Төрешілер алқасы 3 адамнан (мұғалім, оқұщылар) сайланады.

Екі топ екі жақта отырады. Әрбір топтың «жанкүйерлері» болады.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, сөзжұмбақтар, карточкалар

Сабақтың түрі: сайыс - сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Эпиграф: «Тіл - халық аманаты,

Тіл - тарих аманаты»

Сабақтың барысы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Ойшылдар» мен «Тапқырлар» тобының қазақ тілінен білімін, өнерін тамашалаймыз (топ мүшелерінің өзін таныстыруы).

Балалар, сендерге сәттілік тілеймін.

1. Сәлемдесу. «Тапқырлар».

Гүлденіп жалын атқан бүгін дала,

Даңкымен талай жылдар мен де келем.

Бүгінгі достық туын тіккен дара,

«Ойшылдарға» «Тапқырлардан» мың бір сәлем!

«Ойыншылдар»

Достармыз бірге жүрген біз талайдан,

Қазақ тілде кездестік бір орайдан.

Сәлемінді « Тапқырлар», қабыл алдық

Біз де жауап береміз «Ойыншылардан».



Топ басшылары:

Аққуды қалар көліміз,

Аспанға ұшар серіміз.

Білгіңіз келсе біздерді

Қонақта болып көріңіз.

Ежелден асқан серіміз,

Білгіңіз келсе біздерді

Қонақта болып көріңіз.

Ежелден асқан серіміз,

Білгіңіз келсе біздерді

Кәнекей, тыңдап көріңіз.

Екі топ бірге: «Кузнечик» әнімен.

Кел, балалар, ойнайық ,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Ал, кәнекей, тыңдайық,

Асығыстық қылмайық.

Асықпайық дегенге

Бөгеліп те тұрмайық.

2. «Сен маған, мен саған ».

Топ мүшелері бір - біріне дайындаған сұрақтарын қояды.

3. Сөзжұмбақ шешу.

Екі топқа екі тапсырма беріледі ( тақтада).

4. Кім көп сөз құрастырады ?

Нағашы, қарындас, (Қазақстан), қарлығаш, қызғалдақ.

5. Қонақпен танысу.

Екі топтан 2 бала кезек шығып, қонақпен танысады, яғни сұрақ қояды; Жауап бермесе өзі айтуы керек.

6. Сөйлем құрастырындар:

Капитан конверт алады. Конвертте сөздер жиынтығы берілген, сөздерден сөйлем құрастыру керек.

7. « Мәселені шешу» ойыны.

Екі топ та ойнайды. Біріне - бірі « көмек » беруі керек , сол арқылы өз мәселесін шешеді , яғни, өзіне берілген « мәселені » көмек арқылы табуы керек.

  1. « Менің сабағым нашар ».

  2. «Мен досымды ренжіттім».

8. Қатесін тап.

Тақтаға екі сөйлем жазылады. Балалар сөйлемнің қатесін табуы керек.

9. Топ басшыларының сайысы.

1. С әрібінен басталатын тамақ аттарын ата.

2. Б әрібінен басталатын тамақ аттарын жазыңдар.

10. Жұмбақ шешу.

Бір - біріне жұмбақ айтып , оны шешуі керек. (5-6 жұмбақтан).

11. Үй тапсырмасы.

Үйде дайындаған көріністерін қояды.

12. Карточкамен жұмыс.

« Менің отбасым» , « Менің досым » тақырыптары бойынша әңгіме құрастыру.

13. Қорытындылау.

Қазылар алқасы сайыс қорытындысын оқиды.

© 2010-2022